spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
8.2 C
Kokshetau

Қолданбалы өнер шеберлерінің арасында «Күз бояулары» байқауы өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сәндік-қолданбалы өнер шеберлері арасында «Күз бояулары» дәстүрлі байқауы өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Байқаудың мақсаты қолданбалы өнер шеберлерінің қызметін насихаттау, жас таланттарды қолдау болып табылады. «Күз бояулары» байқауына он саусағынан өнер тамған жеті шебер қатысты. Әр қолөнерші орындау техникасында өзінің шығармашылық композициясын ұсынып, зор белсенділік танытты.Тоқыма және киіз басу, сабын, мүсіндік композиция, табиғи материалдан бұйымдар жасау бойынша жұмыстар ұсынылды.
Қазылар алқасы шеберлерді композицияның бірегейлігі, ұлттық колориттің болуы, жұмыстың таныстырылымына қарап бағалады. Қатысушылар өз жұмыстарын өлеңмен таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша қолөнершілер Марина Бойченко, Виктория Полищук және Олеся Кочетыгова бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болды. Барлық қатысушылар «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика