spot_img
Сенбі, Қазан 19, 2024
3.2 C
Kokshetau

Көкшетау техникалық институтында мерекелік сапқа тұру рәсімі өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз
ҚР ТЖМ КТИ азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы және Құтқарушы күнін мерекелеуге орай, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының плацында ардагерлер мен жеке құрамның салтанатты сапқа тұру рәсімі өткізілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».
25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Азаматтық қорғау жүйесі өмір сүрген жылдар ішінде көптеген маңызды өзгерістерге ұшырады, бірақ оның принциптері мен негізгі міндеттері – ескерту, құтқару және ТЖ салдарын жою өзгеріссіз қала береді.
Іс-шараны институт бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов ашып, жеке құрамды және ардагерлерді мерейтойымен құттықтап, алдағы уақытта да құтқарушының құрметті атағын абыроймен алуға тілек білдірді.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ішінде офицерлердің басым бөлігін Көкшетау техникалық институтының түлектері құрайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда КТИ елде баламасы жоқ мамандандырылған жоғары оқу орны болып қала береді. Институт құрылғаннан бері өз қабырғасынан 5000-нан астам мамандарды шығарды, олар күндіз-түні ең жауапты және күрделі учаскелерде қызмет етеді, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ол ардагерлерге мамандыққа адалдығы, жас мамандарды тәрбиелеуде, олардың жоғары адамгершілік құндылықтарын, патриоттық сезімі мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырғаны үшін ерекше ризашылығын білдірді.
Жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын мерекелеуге байланысты институттың бірқатар қызметкерлері, ардагерлері мен курсанттары, соның ішінде Көкшетау, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларының өңірлік оқу орталықтарының қызметкерлері ҚР ТЖ Министрі генерал-майор Ю.Ильиннің наградаларымен және грамоталарымен, КТИ бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, мереке күні әріптестері азаматтық қорғау полковниктері институтының ардагерлері Ақылбек Бейсековті, Қалижан Нарбаев, Мейір Сағденовті құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img