spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
8.4 C
Kokshetau

«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының жүзеге асырылуы талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының әділет департаментінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа белестері талқыланды,-деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесіне сілтеме жасап. 
Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өрісін кеңіткен «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты», «Үнем – қоғам қуаты», «Экологиялық ағарту» және «Құқықтық мәдениет» атты жаңа 5 арнайы жоба іске қосылды. Осылардың ішінде көпшіліктің құқықтық сауатын арттырып, қоғам арасында «құқытық мемлекет» құндылықтарының берік орнығуын қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы өңіріміздегі «Фемида» қызметкерлерінің, әсіресе Ақмола облысы Әділет департаментінің ерекше назарын аудартып отыр.
Осыған орай бүгін Ақмола облысы Әділет департаментінің қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде тәжірибе алмасуға бағытталған «Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» Өңірлік жобалау кеңсесінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысында іске асыру барысы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Бұл шарада Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің басшысы М.Жақыпова бастаған кеңсе қызметкерлері, Білім басқармасы, Туризм басқармасы, Мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты мамандары бас қосып, жүзеге асырылып жатқан жобалары, «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында қолға алған шаралары туралы сөз қозғады, өздерінің Бағдарламаны іске асырудағы тиімді әдіс-тәсілдерін ортаға салды.
Бұл семинар әртүрлі мекемеде жүргенімен, бір терінің пұшпағын илеген әріптестердің тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік туғызды деген ойдамыз.
Сондай-ақ, осы шараға Ақмола облысының әр аудандарындағы Әділет басқармаларының қызметкерлері тікелей эфир арқылы қатысып, «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасымен жанжақты танысты.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img