spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
20.2 C
Kokshetau

Қазақ-қырғыз шекарасынан өту тәртібі өзгереді

Сондай-ақ...оқыңыз

20 қазаннан бастап шекарадан тек паспорты бар балалар ғана өте алады, деп хабарлайды «Aqmola News». Бұған дейін кәмелеттік жасқа толмаған балалар туу туралы куәлікпен екі елдің шекарасынан кедергісіз өтіп келген еді. Екі мемлекет Үкіметтерінің жаңа келісімі 18 тамызда күшіне енген.

«2020 жылғы 18 тамызда күшіне енген Қырғызстан мен Қазақстан Үкіметтерінің арасындағы 2012 жылғы 11 мамырдағы «ҚР азаматтарының және ҚР азаматтарының ҚР аумағында болу тәртібі туралы» келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына сәйкес, 2020 жылдың 20 қазанынан бастап екі елдің кәмелетке толмаған азаматтарын мемлекеттік шекара арқылы өткізу тек ҚР және ҚР паспорттары бойынша жүзеге асырылады», – делінген Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен байланыс және БАҚ бөлімінің хабарламасында.

Қырғызстан мен Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтарының туу туралы куәлігі енді, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасын қоса алғанда, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге құқық беретін құжат болып саналмайды. Ал жаңа қағида талап етілгенше шетке шығып кеткен 16 жасқа дейінгі балалар өз елдеріне туу туралы куәлікпен кіре алады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика