Көкшетау медициналық ұйымдарында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Бұл туралы «Медициналық мекемелердің коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы» туралы арнайы брифинте №1 қалалық емхананың бас дәрігері Михаил Алексеев мәлімдеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Бүгінде Көкшетау қаласындағы барлық медициналық мекемелерде екінші толқынның болу қаупіне байланысты дайындық жүргізілуде.
Спикердің айтуынша, емхана базасында құрамында білікті медициналық білімі мен тәжірбиесі бар 18 бригада құрылған. Бұған учаскелік дәрігерлер де атсалысады.
Бұл мобильді бригаданың медицина қызметкерлері тұмау мен суық тигізіп алғандар мен пневмонияға шалдыққандар үйге шақыртқан жағдайда алғашқы медициналық талаптарды орындайды. Сонымен қатар олар коронавирустық инфекцияға күдіктілерден ПТР тестін алады.
ЖРВИ белгілері бар науқастардың басқа да келушілермен араласып кетпеуін болдырмау үшін емханада бақылау бекеттері қойылды. Ауру белгілері бар науқастар бірден филтр кабинетке жіберіледі,-дейді Михаил Алексеев.
Емхана науқастарға қызмет көрсететін құралдардың барлық түрімен жабдықталған. Қазір пульсоксиметр құрылғысының 120 данасы қолданыста. Бір дәрігерлік участокке 2 дана пульсоксиметр қажет. Сол себепті тағы да 30 бірлікке тапсырыс берілді.
Спикер емханада барлық қорғаныш құралдардың, маскалар мен қолғаптар, арнайы киімдердің 100 пайыз жеткілікті екендігін айтады.
Брифингте өңірде медициналық тәжірбиесі жоғары мамандардың жетіспеушілігі де айтылды. Бұл бүгінде еліміздің барлық өңірінде туындаған мәселе деді спикер.
Дәрігерлердің жалақысын көтеру мен оларға бір реттік жәрдемақы төлеу қарастырылуда. Қазіргі уақытта өңірлерде тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылып, дәрігерлерге арналған баспана салынып, жатақханалар күрделі жөндеуден өткізілуде. Пандемия уақытында дәрігерлер жетіспеушілігі туындап отыр. Бірақ бұл қалыпты туындауы тиіс процес қой. Ал біз қолдан келгенді жасап жатырмыз,-деді емхананың бас дәрігері өз кезегінде.
Бүгінге дейін өңірде КВИ-мен ауырғандар 396 адамға жетіп, вирустық пневмонияның 669 жағдайы тіркелді.
12 науқас амбулаторлық ем қабылдауда.