spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Халық қалаулылары Шортанды ауданында болды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Шортанды ауданында болды.Сенаторлар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен және өңірдегі бірқатар жобалармен танысып, нысандарды аралады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Атап айтқанда, депутаттар «Бектау» және «Табиғат ТР» ЖШС, №1 Шортанды мектебі, «Ақбота» балабақшасы, Степное ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Научный кентіндегі құрылысы аяқталмаған нысандарға барды.

Сенаторлар ауылдағы өзекті мәселелерге, сондай-ақ, биылғы жылы мемлекеттік бағдарламалармен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың орындалу сапасын бақылады.

Жұмыс сапарының соңында аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту бойынша кеңес өткізілді.

Сенат Комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев Елбасы мен Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту, оларды заңнамалық тұрғыдан іске асыру жөніндегі Жолдауларында қойған міндеттеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, ол отырыс барысында айтылған ұсыныстар қорытылып, Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетінін атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img