spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.9 C
Kokshetau

Біржан сал ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі ауысты. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісіміне сай және аудандық мәслихат депутаттарының толық қолдауымен, Біржан сал ауданы әкімі лауазымына Достанбек Есжанов тағайындалды», – делінген жазбада.

Айта кетейік, Достанбек Берікұлы 1982 жылы 17 наурызда Ақмола облысының Есіл қаласында туған. Білімі жоғары. 2005 жылы Астана қаласындағы «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2006-2007 жылдары Есіл ауданы əкімі аппаратының бас маманы, 2007 жылы Астана қаласындағы «Цеснаастық» концерні серіктестігінің заңгері болып қызмет атқарған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Есіл ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыру кадр жұмысы бөлімінің бастығы, 2012-2016 жылдары Есіл ауданы əкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет істеді.

2016-2018 жылдары Есіл ауданы əкімінің орынбасары болды. 2018 жылдың наурызынан 2019 жылдың сəуіріне дейін Ақмола облысы əкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бурабай ауданы əкімінің орынбасары болып қызмет істеді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика