spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Айжан Есмағамбетова Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Aqmola News» ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған. 1997-2004 жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2004-2014 жылдары ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында жетекші маманнан бастап төрайымға дейін түрлі лауазымдарды атқарған.

2014 жылы – ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары.

2014-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.

2017 жылы — ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2017-2020 жылдары — ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.

2020 жылғы 23 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img