spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Соңғы 9 айда 9,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл қыркүйек айында елімізде экономикалық жағдай қайта жандана бастады. Нақты секторларда өсім байқалады. Жылдық инфляция 7,0% деңгейінде сақталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп көрсеткіш.

Нақты секторлардағы өсім жыл басынан бері 2,2%-ды құрады. Олар құрылыс (10,5%-ға өсу), ақпарат және байланыс (8,2%), ауыл шаруашылығы (5,0%), өңдеу өнеркәсібі (3,3%) салаларын қамтиды. Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында  қыркүйек айындағы экономикалық жағдайға тоқталды.

 «Көптеген салалар қыркүйек айында оң өсу көрсетті. Бұл ауыл шаруашылығы (166,5%-ға), құрылыс (95,4%-ға), білім беру (38,2%-ға), техникалық (36,3%-ға) және қаржылық қызмет (21,7%-ға), сауда (2,7%-ға), көлік (1,2%-ға) және басқалар. Осылайша, қыркүйектегі көрсеткіштер іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Қызмет көрсету саласы қалпына келтірілуде», – деді министр Руслан Дәленов.

Өңірлерде өнеркәсіптің қарқынды жұмыстары байқалады. Көш басында Қостанай облысы (6,9%-ға) тұр. Ақмола (6,8%-ға), Солтүстік Қазақстан (5,3%-ға) облыстары да жақсы көрсеткішке ие.

Сонымен қатар, министр қаңтар-қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібі өндірісі 3,3 пайызға артып, оның ішінде фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, және жеңіл өнеркәсіп бағыттарының қарқын алғанын айтты.

«Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестицияның өсуі байқалады. Оның ішінде ең үздік көрсеткіш Түркістан облысы (66,7%-ға) және Шымкент қаласында (36,2%-ға) байқалады»- деді Руслан Дәленов.

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында соңғы 9 айда 9,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика