spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-17.8 C
Kokshetau

Құс өсірушілер одағы құс тұмауы қашан аяқталатынына қатысты болжам жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауы бойынша індеттің қашан аяқталатынына қатысты болжамын айтты.

Күннің суытуы құс тұмауын тоқтатуы мүмкін.

«Қазіргі таңда Қазақстанда барлығы 46 млн құс бар. Құс тұмауы кезінде болған өлім-жітім – 0,9%. Қазір түнде нөлдік температура. Қар жауып, күн суытқанда бұл вирус өледі. Сонымен қатар, 40-тан 70 градусқа дейін қайнаған кезде де вирус өледі. Сондықтан бір ай ішінде вирус толығымен тоқтайды деп ойлаймын», – деді Руслан Шәріпов.

Айта кетейік, Қазақстанда құстардың тәулік ішіндегі өлімі 22 басқа дейін қысқарған. Соңғы өлім-жітім тек СҚО-ның жеке қосалқы шаруашылықтарында тіркелген. 11 қазанда республиканың басқа өңірлерінде құс өлімі болған жоқ. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мамандары соңғы 10 күндегі динамиканы ескере отырып,  Қазақстанда жоғарғы патогенді құс тұмауынан құс өлімінің толық тоқтағанын атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика