spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Таулы Қарабақ президенті Әзірбайжанға көмектескен елдерді айыптады

Сондай-ақ...оқыңыз

Таулы Қарабақ Армениядан көмек сұрамақ. Егер жақын арада Әзірбайжан қақтығысты бейбіт жолмен шешу үшін қадамдар жасамаса, Қарабақ елі Ереванға танылмаған республиканың тәуелсіздігін тану туралы өтінішпен жүгінеді. Бұл туралы Таулы Қарабақ Президенті Араик Арутюнян мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.

Сонымен қатар, Араик Арутюнян халықаралық ұйымдар мен өзге елдерден көмек сұрады.

«Егер алдағы бір-екі күнде біз Әзербайжанның мәселені бейбіт жолмен шешуге дайындығын көрмейтін болсақ, онда мен бірінші кезекте Армения билігіне Арцахтың тәуелсіздігін (Таулы Қарабақтың тарихи атауы) тану туралы ұсыныспен жүгінемін. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен өзге елдерден де көмек сұраймын», — деді Арутюнян.

Сонымен қатар, Таулы Қарабақ президенті бұл жағдай қай елдердің адам құқықтары мен ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығын құрметтейтінін және қайсысы терроризмге ықпал ететінін түсінуге көмектесетінін атап өтті.

«Әзірбайжанға қол ұшын созып жатқан елдер халықаралық терроризмге ықпал ететіндіктен, бұл елдер Құдай алдында жауап беруі керек. Ал бұл мемлекеттердің билік органдары жасап отырған әрекетін халқы түсіну үшін тізім жасау керек», — деді президент.

Айта кетерлігі, Армения бірнеше рет Таулы Қарабақ соғысына кіріскені үшін Түркияны айыптады. Олар Анкараны Бакуге көмектесу үшін әскери кеңесшілер, авиация, дрондар мен жалдамалы әскерилерді жіберді деп кінәлады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img