spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
14.3 C
Kokshetau

Целиноград ауданы Талапкер ауылында жаңа мәдениет ошағы пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жуырда Целиноград аудандық әкімдігінің қолдауымен Талапкер ауылында ауылдық клуб өз жұмысын бастады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Ауылдық клубының меңгерушісі Гүлназ Бекмағамбетованың айтуынша, мәдениет ошағының іске қосылуына жергілікті әкімшіліктен қажетті қаражат бөлінген. Қажетті жабдықтармен қауымдастық қамтамасыз еткен.

Бүгінгі күні мәдениет ошағында төрт үйірме жұмыс істейді. Олар би, домбыра, фортепиано және вокал үйірмелері.

Атап өтерлігі, барлығы да тегін. Үйірмелерге жетекшілік ететін мұғалімдер өте тәжірибелі, білімді, өз ісінің мамандары.

Қазіргі таңда үйірмелерге жазылған балалардың саны 70-тен асады. Ересектерге арналған домбыра үйірмесі де бар.

Мәдениет ошағы меңгерушісінің айтуынша, оған да жазылып жатқандар көп. Қарттардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Әжелер тобы» құрылған. Онда ақжаулықты аналар өлең айтады.

Алдағы уақытта ісмер әжелердің қатысуымен үйде отырған жас аналарға, оқушы балаларға ою оюдан, құрақ көрпе тігуден шеберлік класы өткізілмекші.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика