spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
15.3 C
Kokshetau

Ақмола мектептеріне көрнекті тұлғалардың есімі берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында бірқатар мектептерге қоғамдық өмірде қанат жайған көрнекті тұлғалардың есімдері берілді. Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына халқымыздың ұлы ақыны Абайдың есімі берілді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Сонымен қатар  Көкшетаудағы  ІТ мектебі енді ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімімен аталса, Степногорск қаласындағы №1 орта мектеп Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп,  № 2 орта мектеп Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп, № 8  орта мектеп Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп, № 9  орта мектеп  Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп болып өзгертілді.

№3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында ұйымдастырылған арнайы іс шараға облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, ұлы данышпанның мерейтойы шеңберінде оның шығармашылығын насихаттау жұмыстар кең ауқымда жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен мектеп корпустарының шатыры ауыстырылып, мектеп айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізілді,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Іс-шара соңында өңір басшысы «Абай аллеясына» бір түп ағаш отырғызды.

Ақмола өңірінің руханиятын дамытуға үлес қосу үшін жас ақындарымыз бен жас жазушыларымыз мұндай көрікті орындардан шабыт алады,-деп пікір білдірді аймақ басшысы.

.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика