spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Көкшетауда салынып жатқан онкологиялық емханасы желтоқсан айында пайдалануға беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде Ақмола облысында денсаулық сақтау нысандарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен ауруханалар жөнделіп, ескі медициналық құрылғылар ауыстырылуда,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Сапалы медициналық қызмет көрсету -денсаулық сақтау саласының басты бағыттарының бірі.

Бүгінде мемлекеттік бағдарламамен Астрахан, Егіндікөл, Аршалы, Жақсы, Сандықтау аудандарының орталығында орналасқан 9 денсаулық сақтау объектілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бұдан бөлек,аймақта алғашқы медициналық-санитарлық  көмекті жақсарту үшін 6 нысанның құрылысы басталып, кейбіреулері аяқталуға жақын.

Облыс орталығында бой көтеретін онкологиялық емхананың құрылысы аяқталуға жақын.

Құрылысы жүріп жатқан онкологиялық емхана қатерлі ісікке күдікті науқастарға сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған адамдарға консультациялық көмек көрсетуге арналған.

Бүгінде нысанның ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші қабаттан төртінші қабатқа дейінгі аумағындағы жұмыстар қарқын алған. Сонымен қатар айналасын абаттандыру да қолға алынған.

Клиниканың бірінші қабатында анықтама және тіркеу орны орналасады. Зертхана, КТ және МРТ кабинеттері де осы қабатта болады. Екінші қабатта ультрадыбыстық және функцианалды диогностикалық кабинеттері болса, үшінші қабатта шағын ота жасау бөлмесі мен қабылдау бөлмелері және конференция залдары болады,-дейді облыстық көпсалалы ауруханасының директоры Нұрлан Жаров.

Нысан биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img