Бурабай ауданы әкімі аппаратына Ардақ Дулатұлы Смаилов жаңа басшы болып тағайындалды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ардақ Дулатұлы 1969 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. 1993 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы Евразия институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2004 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Алматы қаласы, «Шарбат» жеке кәсіпорнының экспедиторы болып бастаған. 1994 жылдың тамызынан 2004 жылдың тамызына дейін Алматы қаласында ҚР қаржы министрлігі «Астана» кедендік бекетінің инспекторы, бас инспекторы болып қызмет атқарған.
2004 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың ақпанына дейін Қостанай облысы кедендік басқармасы кедендік бекетінің бастығы.
2004 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті «Астана – кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінің бастығы, Астана қаласы қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті «Майканчай» кеденік бекетінің бастығы лауазымдарын атқарған. 2008 жылдың наурызынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласы «Жас – Мұнай» жылу-энергетикалық компаниясы директорының орынбасары, Астана қаласы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ орталығының сарапшысы.
2015 жылдың қыркүйегінен Алматы облысы әкімі аппаратының сараптамалық бөлімінің меңгерушісі, 2017 жылдың маусымнан Алматы облысы әкімі аппараты сараптамалық бөлімінің басшысы, 2017 жылдың шілдесінен Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарған.