spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

«Рухани қазына»республикалық байқауында ақмолалық музей мен кітапхана үздік атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына» республикалық онлайн байқауының нәтижесі шығып, жеңімпаздар анықталды. Байқауда Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі » Үздік облыстық тарихи-өлкетану музейі» номинациясын жеңіп алды,-деп хабарлайды «Aqmola News». 

Бұл аталмыш байқауды министрлік биыл екінші рет ұйымдастырып отыр. Байқау онлайн негізде өткізілді.

Қорытындысына сәйкес, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сайты үздік деп танылды.

Ал, «Үздік кәсіби шығармашыл отбасы» аталымын Қорғалжын ауданынан «Құсайыновтар отбасылық ансамбльі» иеленді.

Үздік кітапханашы аталымына Жақсы ауданының аудандық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Қайдауылова лайық деп танылды.

Жеңімпаздар 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық музейде өткізілуі жоспарланған салтанатты шарада марапатталады. 

Өткен аптада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың Көкшетау қаласына келген жұмыс іссапары барысында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығына орай шығарылған өңіріміздің тарихи мұрасын сақтауға үлес қосқан тұлғаларға арналған негізін қалаушы, педагог Иван Степанович Хохловтың медалімен танысты.

Сонымен қатар министр Мәлік Ғабдуллин музейінің жұмысымен танысып, музей қызметіне оң баға беріп, тілек кітабына алғысқа толы қолтаңбасын қалдырды

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика