spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Құқық қорғау қызметіне қатысты жаңа жоба таныстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылғы 2 қазанда Бас прокуратурада Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында жүзеге асырылып жатқан ілкі жобаның таныстырылымы өтті.

Бұл туралы «Aqmola News» ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Полиция тергеушісі мен прокурор ілкі жобаның тәжірибеде қолданылуын көрсетті.

Ілкі жоба адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының негізгі шешімдерін келісу бойынша прокурордың өзіне жүктелген міндеттерін орындаудың электрондық форматын көздейді.

Осыған дейін екі өңірде – Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ілкі жоба сынақтан өтті. 1 қазаннан бастап жоба республиканың барлық аймағында іске қосылды.

Жобаның мәні тергеушінің іс-әрекетті саралау, қайта саралау, сондай-ақ тергеуді тоқтату туралы шешімін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде электрондық түрде қалыптастыруда болып табылады. Прокурор онлайн режимінде олардың заңдылығын белгіленген мерзімде тексеруге, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда ден қою шараларын қабылдауға міндетті.

Мұндай модель іс жүргізу құжаттарын дайындау уақытын және тергеу мерзімдерін қысқартады.

Бұдан басқа, қылмыстық процеске қатысушыларға қабылданған процестік шешімдерді қашықтан қадағалауға, келіспеген жағдайларда оларға уақтылы шағым жасауға мүмкіндік беріледі.

Бас Прокурор бұл жаңалықтар алдын ала прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етуге және адал азаматтардың қылмыстық қудалау шеңберіне тартылуын болдырмауға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, ағымдағы жылдың соңына дейін Жобаны сынақтан өткізуді аяқтауды, нормативтік-құқықтық базаны дайындауды және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іске асыруға кірісуді тапсырды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img