spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Көкшетауда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда шешесі ас үйде тамақ жасап жүрген кезде екі жасар бала бесінші қабаттан терезеден құлап кетті. Жабық ми сүйегі жарақаты мен миы шайқалған бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 4 қазан күні телефон шалып хабарласқан облыстық жедел жәрдем қызметінің фельдшері Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына «Жабық ми сүйегі жарақаты және миы шайқалған және ашық іш жарақаты» деген диагнозбен 1 жас 11 айлық баланың жеткізілгенін хабарлаған.
«Балақай көп қабатты үйдің бесінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Тексеріс барысында күндізгі 14:15 шамасында баланың зал бөлмесінде болып, терезе алдына шығып терезені ашып москит сеткасына сүйене бергенде құлап кеткені анықталды. Баланың анасы бұл уақытта ас үйде түскі ас әзірлеп жүрген. Баласының терезеден құлап кеткенін үйдің алдында жерде жылап жатқан баланың көрген көрген көршісі жеткізіпті», – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша кішкентай емделушінің жағдайы қалыпты ауыр жағдайда. Балаға ота жасалған. Әзірге ешқандай болжам бере алмайтынын жеткізді.
Қазір аталған факт бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 141 «Адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерде тиісті түрде орындамау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады.
Тәртіп сақшылары ата-аналардың балаларды ашық терезе алдына ешқашан тастап кетпеу қажеттігін, терезе алдына шығып ойнамау сияқты қарапайым қағидаларды естен шығармай балаларға аса сақ болуды ескертеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img