spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында берілген тапсырма бойынша ақын шығармаларының он тілге аударылғаны жөнінде есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұл жоба жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы 100-ден астам оқулық аударылған.

Кездесу барысында балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесіне, білім берудің онлайн-платформасын дамытуға, сондай-ақ, аударма және терминология салаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған мәселелердің маңызды екенін атап өтіп, мүдделі мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оларды пысықтауды тапсырды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img