spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
10 C
Kokshetau

Ұстаз мерейі: Еркегүл Сүлеймен республикалық байқаудан «Жыл мұғалімі» атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданы Г.Әбдірахманов атындағы Қима орта мектебінің мұғалімі Еркегүл Сүлеймен республикалық байқаудан жыл мұғалімі атанды, – деп хабарлайды «Aqmola News». Бұл туралы Жақсы ауданына жасалған пресс-тур барысында мәлім болды. 

Осы жылдың 13-22 мамыры аралығында Ақмола облысының мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелері мен ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздіг педагог» сырттай байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылған.

Облыстан үздік шығып, республикалық кезеңге жолдама алған ұстаздың Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан Қима орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Еркегүл Сүлеймен Бас жүлдеге ие болып, 300 мың теңге сомасы мөлшеріндегі сертификатқа ие болды.

«Мен ұстаздар отбасынан шықтым. Менің анам, бауырларым да ұстаздар. Осыған дейін де бірнеше облыстық, республикалық байқауларға қатыстым. Оқушыларым олимпиадалық жарыстардың жүлдегерлері атанған. Ауыл мектебіне келген мақсатым математика пәнінің мұғалімі болғандықтан ауыл балаларын функционалдық сауаттылыққа, ғылыми ізденістерге құштарлығын арттыруға баса назар аудардым», – дейді Еркегүл Сүлеймен.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img