spot_img
Бейсенбі, Мамыр 29, 2025
14 C
Kokshetau

30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 30 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық болады.

Тек республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, жел қарқыны – 15-23 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел соғады, жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан,Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика