spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Ақмолада 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, азық-түлік өнеркәсібі және құрылыс индустриясы саласында 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы облыс әкімдігінде индустриялық-иннвациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында мәлім болды, –  деп хабарлайды «Aqmola News».
Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен өткен жиын барысында үйлестіру кеңесі ұсынылған жаңа инвестициялық жобалар кәсіпкерлікті қолдау картасына қосуға шешім қабылдады. Аталған жобалар бойынша жалпы инвестиция сомасы 22,3  миллиард теңгені құрап отыр.
Жаңа жобалар жүзеге асырылса облыста 400-ге тарта жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Оның ішінде, Көкшетау қаласында құны 14,4 миллиард теңгені құрайтын «Kaz Rost Engineering Ltd» компаниясының жылына 500 ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруға  қуатты кәсіпорны мен Шортанды ауданында 1,2 миллиард теңге сомасына жылына 4500 тонна сүт өңдейтін «MilkProduct» зауытын салу көзделіп отыр, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика