spot_img
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
16 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Акция осы жылдың 22 қыркүйегінен 25 қазанға дейін өткізілмек.

Акцияның мақсаты балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып отыр. Акция барысында жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралардың таратылып, жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылады. Бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жол қозғалысы ережелері туралы әлеуметтік роликтерді көрсетіледі, – деді облыстық білім басқармасынан.

Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика