spot_img
Сейсенбі, Қазан 7, 2025
5.4 C
Kokshetau

28 қыркүйек күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

28 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Тек шығыс және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түркістан, Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы – 15-25 м/с болып, шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика