spot_img
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
2.6 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Алматыда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік меншіктерінің бірлестігін құру және оның қызметі жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйым аясында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды

Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері аумағында тұрақтылықты, қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту ісінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика