spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
20.2 C
Kokshetau

Атбасар қаласында «Workout» спорт алаңы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Атбасар қаласының 175 жылдығына орай «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Workout» спорт алаңының ашылу рәсімі ұйымдастырылып, сондай-ақ кәсіпорын ұжымдары мен шара қатысушылары Атбасар қаласындағы теміржолшылар паркінде ағаш көшеттерін отырғызды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«Қамқор Green – Жасыл Жол» жобасын жүзеге асырған «Қамқор Локомотив» және «ТЭК Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ұжымы спорт алаңының ашылу рәсімін өткізді.
Жаңа спорт алаңы атбасарлық жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуына жағдай жасайды деген сенімдемін. Заманауи спорт алаңын салып берген ұйымдастырушыларға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Атбасар қаласының әкімі М.Асқаров.
Шараға Атбасар ауданы әкімі аппаратының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы өкілдері мен «Қамқор Локомотив» ЖШС өкілдері қатысты.
Ашылу рәсімінен кейін шара қатысушылары теміржолшылар паркінде ағаш көшеттерін отырғызды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика