spot_img
Сейсенбі, Мамыр 6, 2025
19.2 C
Kokshetau

Аршалы ауданында жел электр станциясы салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Аршалы ауданында жаңа жел электр станциясының іске қосу кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Қостомар ауылында орналасқан «Астана EXPO-2017» кешені мен жаңадан салынып жатқан 2-ші іске қосу кешені құрылысымен Премьер-Министр Асқар Мәмин танысты, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қуаты 50 МВт болатын алғашқы іске қосу кешені 2019 жылы тамыз айында пайдалануға берілген Жел электр станциясы 100 МВт толық қуатында жұмыс істеуге осы жылдың 4 тоқсанына көшпек. Жаңа «Астана EXPO-2017»кешені он мыңнан астам отбасыны жылдық энергия тұтынуын қамтамасыз етіп, парниктік газдардың шығарылуын 230 мың тоннаға дейін азайтуға, сонымен қатар 79 мың тоннадан астам отынды үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Нысан құрылысына 300-ден аса адам жұмылдырылды. 20 жергілікті маман жел электр станциясын пайдалану курсында оқуда, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Жұмыс сапарына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр, энергетика министрі Н. Ноғаев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы А. Сарқұлов және басқалары қатысты.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Атбасарда жылу қазандығына жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Атбасар қаласында соңғы жылдардағы ең маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – орталық қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қаланың жылумен қамту...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика