spot_img
Жұма, Шілде 11, 2025
22.2 C
Kokshetau

Ақмолалық емханаларда фильтрлі-кабинеттер жұмыс істеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында  коронавирус инфекциясының төмендегені байқалғанымен дәрігерлер күзгі уақытта суық тию және пневмония аурулары тұрақты бақылауда. Аталған мақсатта коронавирус індетіне күдікті науқастарды қабылдауға арналған фильтр-кабинеті жұмыс істеуде, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Қазір мұндай кабинеттер облыс орталығындағы үш филиалда  бар. Емханаларда алдын алу мақсатында екі есік  қарастырылған. Емделушілерге есік алдына арнайы пост қойылып, кірген адамдарды мейірбикелер контактісіз термометрмен қызуын өлшейді. Ал, температура анықталған жағдайда дереу фильтр-кабинетіне жіберіледі.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша  фильтр-кабинетте емделуші тіркеушіге жүгініп,  тағы қызуы тексеріліп, одан кейін дәрігерге жіберіледі.

Мұнда пневомния белгілері тексеріліп, рентген жасалады. Біз стационарлы емдеуге жолдамалар береміз. Егер науқас жатқызылуы тиіс болса, онда ол бірден стационарға жіберіледі. Огда одан әрі  учаскелік дәрігер бақылауға алып, қажет болған жағдайда мобильді бригада қызмет көрсетеді, – дейді инфекционист дәрігер Валентина Гришмановская.

Қазір орташа алғанда фильтр-кабинеттерден күніне 30 адамға дейін қаралуда. Ал емханалардың әрбірінде клиникалық ауру белгілері бар  науқастарды қарауға мобильді бригадалары бар.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика