spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының қаржы басқармасы осы жылдың 8 айында бюджет орындалуының қорытындысын жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының қаржы басқармасы осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша бюджеттің орындалу барысын  мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Басқарма басшысы Талғат Бөлтеновтың айтуынша бюджеттік кірісі бойынша тиісті жоспарды  облыстың барлық өңірі орындаған.

Қалалық және облыстық бюджет қоржынының кіріс бөлігі 219 845,9 миллион теңгені құрады. Оның ішінде салық төлемдері 55 893,5 миллион теңгеге жетті. Жалпы облыс бойынша бюджет қаражаты 97 пайызға игерілді. Енді 7 183,5 миллион теңге игерілмеген. Оның ішінде 4 миллион теңгеден астамы аудандық және қалалық бюджеттермен болса, 3 миллионға жуығы әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың орындалмауынан болған. Бюджет қаражатының игерілмеу себептері тұрғын үй құрылысы, мәдениет нысандары  мен әлеуметтік сала ғимараттарын жөндеу, су  құбыры желілері мен жолдарды жөндеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудағы үнемдеулер болып отыр, – дейді Талғат Бөлтенов.

Басқарма игерілмеген бюджет қаражатын жыл соңына дейін толық игеруді қолға алмақ.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика