Біржан сал ауданында аудандық орталық стадион жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу, -деп хабарлайды «Aqmola News».
Ауыл тұрғындары асыға күткен стадион «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңғыртылуда.
Біржан сал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арман Истаевтың айтуынша бағдарламаның негізгі мақсаты жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Өйткені спорттық нысанда жергілікті 25 тұрғын жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылған.
Қазіргі сәтте жөндеу жұмыстарының 90 пайызы аяқталды. Баскетбол және волейбол алаңдарына асфальт төселіп, жаңа тротуарлар салынды. Жүгіру жолдары мен автокөлік тұрақтары да сақадай сай. Ішкі және сыртқы есіктері де қойылды. Алаңдағы жасанды шөп пен қоршаулары бітуге жақын. Соңғы кезеңде футбол алаңы сертификатталған жаңа футбол қақпалары орнатылып, алаңға жарықтар орнатылмақ, – дейді Арман Истаев.
Енді Біржансал ауданының тұрғындары мен қонақтары жаңартылған спорт алаңында бұқаралық спортпен айналысуға мүмкіндік алды.