spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.2 C
Kokshetau

«Еңбек-Көкшетау» РМК филиалы дезинфекциялық кілемшелер шығара бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы қылмыстық-атқару жүйесінің «Еңбек-Көкшетау» РМК филиалы дезинфекциялық кілемшелер өндірісін бастады, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еңбек -Көкшетау» РМК филиалы ЕЦ-166/24 мекемесі  Ақмола облысының балалар және медициналық  мекемелеріне арнап дезинфекциялық кілемшелер тігуде. Бүгін  тапсырыс берілген 200 дана  кілемшені тігудеміз. Ол эстетикалық поролондарға, шүберектер мен бахилаларды ауыстыруға арналған.  Кілемшелер  арнайы  резеңкеленген материалдан дайындалады. Кілемшелер қолдануға ыңғайлы әрі төзімді  болып келеді. Сонымен қатар  заттар ұзақ қызмет етуі үшін су өткізбейтін алынып -салынатын материалы бар дезинфекциялық кілемшелердің жаңа түрлерін тігуді жоспарлап отырмыз,  – дейді филиал директоры Арман Әбдіраш.

Аталған тапсырыстар филиалдың 6 іс машинасы бар шағын тігін цехінде әзірленуде.  Мұнда бірнеше адам жұмыспен қамтылған.  Дегенмен, жоспарды жүзеге асырып, тапсырыстарды ұлғайту әрі ассортименттерді кеңейту үшін жұмысшылардың санын да арттыру көзделіп отыр.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика