spot_img
Бейсенбі, Қазан 30, 2025
5.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жел күшейіп, тұман түседі

Сондай-ақ...оқыңыз

18 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлінде жаңбыр жауады, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды  «Aqmola News»  тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, екпіні 25 м/с, кей жерлерде найзағай күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде және таңертен екпіні 23 м/с, түнде және таңертен тұман күтіледі, кей жерлерле бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде екпіні 23 м/с, кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман сақталады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Манғыстау, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с және шаңды дауыл сақталады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері»: 31 қазанда қазақстандықтар тегін құқықтық кеңес ала алады

«Халық заңгері» акциясының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, PRG ақпараттық жүйесі, Prosud.kz интернет-басылымы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика