Көкшетада «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы тілдер күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шарада тілдер мерекесіне орай өткізілген мүшәйралар мен байқау жүлдегелері, сондай-ақ тілдің дамуына үлес қосқан бірқатар тұлғалар марапатталды, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев облыс тұрғындарын тілдер мерекесімен құттықтап өтті.
«Баршаңызды Қазақстан Республикасының тілдер күні мерекесімен құттықтаймын. Отан қорғау қандай парыз болса мемлекеттік тілді де қорғау сондай парыз , – деді Ермек Маржықпаев.
Облыс әкімі өз сөзінде Көкшетау қаласының бірқатар көшелеріне Қазақ елінің даңқты тұлғаларының есімдері берілгенін атап өтті.
Жиын барысында облыс әкімі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл , «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, Көкшетау қаласының құрметі азаматы Тадеуш Янковский, Ақмола облысының тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Құнанбаевалар «Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы» мерекелік медалімен, сондай-ақ бірқатар сала мамандары мен басшылары Мәдениет және спорт министрінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жиын соңында тілдер күніне орай өткен бірнеше байқаулар мен мүшәйралардың жеңімпаздары марапатталды.