spot_img
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
13.2 C
Kokshetau

Өткен тәулікте коронавирустан үш адам көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды  «Aqmola News» Ведомство аралық комиссияға сілтеме жасап.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, соңғы тәулікте 8 адам аталған індетті жұқтырып, 3 адам көз жұмған.

Қазақстанда 1 тамыздан бастап 29 666 адам коронавирустық пневмониямен ауырған. 26 335 адам індеттен айығып кетсе, 331 адам қайтыс болған.

Ал коронавирустан қазіргі уақытта 4 409 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 362 науқас жатыр. 2 047 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 124 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1 тамыздан бері елімізде 331 адам пневмониядан қайтыс болған

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды Ақмола облысында бизнес қауымдастықтардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика