spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.6 C
Kokshetau

Ақмолада коронавирустың екінші толқынына қарсы инфекциялық аурухана салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада коронавирустың екінші толқынын қарсы алуға тастүйін әзірлік басталды. «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыс орталығында  200 орындық модульды инфекциялық аурухана құрылысы қарқын алды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Жобаны жүзеге асыруға бюджет қоржынынан  7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің жанынан орын тебетін жаңа жұқпалы ауруханалар ауруханасы құрылысын «KAZPACO» компаниясы жүзеге асыруда.

Жаңа  аурухана құрылысы арқылы біз жеке инфекциялық стационардың   болмауы мәселесін шешетін боламыз. Бұл коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталу қаупі туындаған жағдайда  орындар тапшылығын жою мақсатында жүзеге асырылды, – дейді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәліміова.

Нысанды қараша айына дейін аяқтау жоспарланған.

Алдын ала есеп бойынша жоба құны 7 миллиард теңгеден асып отыр. Мұнда штаттық кестеге сәйкес медициналық қызметкерлер үшін 100-ге тарта жаңа жұмыс орындары құрылмақ, – дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img