spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сонымен қатар, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру жоспары таныстырылды.

Кездесуде тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне баса назар аударылды. Аймақта жаңадан 26,7 жұмыс орны ашылған. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар мен мемлекеттік және аймақтық әртүрлі бағдарламалар аясында 1370 жобаны іске асыруға 142 миллиард теңге бағытталды. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үлесі 72%-дан 77,1% -ға, газбен қамту 74,2%-дан 85,9%-ға артады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қордай ауданындағы ахуал туралы да баяндалды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Биыл ауданда тұрғын үй және жол құрылысы, білім беру, медицина, мәдениет және спорт саласында жалпы сомасы 31,7 миллиард теңгеге 336 жоба іске асырылған. Тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қайта қалпына келтіру мәселелері қатаң бақылауда. Қайырымдылық қорларымен 311 миллион теңге жиналып, 41 тұрғын және 13 коммерциялық нысан қалпына келтірілген. Сонымен қатар қатты зардап шекпеген 103 нысанға жөндеу жұмыстары өткізілген. Президенттің тапсырмасына сәйкес, коронавирустың болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ауруханалардағы төсек-орын көлемі 2530 орынға артқан. Пандемиямен күреске 8,1 миллиард теңге бөлініп, дәрі-дәрмектердің екі айға жеткілікті қоры жасақталған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img