spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

11 қыркүйек – жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады Осыған байланысты елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысында және оңтүстікте атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, батыста найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы – 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Атырау облысының кей жерлерінде және Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика