spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада көп балалы отбасыларға мыңнан астам көміртегі иісін анықтайтын датчиктер орнатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада көп балалы отбасыларға көмірдің иісін анықтайтын мыңнан астам түтін датчиктері мен детекторлары орнатылды, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов мәлім етті.

«Облыста жылыту маусымы басталған сәттен бастап тұрғын үй секторларында өрт оқиғалары бірнеше есе өседі. Көп жағдайда пеш және басқа да қыздыру құралдарын қолдану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан болады. Әсіресе, пешке көмір жағып иіс тиіп уланып, тіпті қайтыс болатын оқиғалар жиі кездеседі. Биылғы жылыту маусымына әзірлік кезеңінде төтенше жағдайлар департаменті 2 қыркүйектен 2 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуді қолға алды. Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен тұрғын үйлерді тексеру кезінде 2605 өртке қарсы талаптардың бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, жер үйлердегі пештердің, электр желілері мен газ баллондарының дұрыс қолданылмайтындығы анықталды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс аумағындағы көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы осал топтарға 1327 көміртегі тотығын анықтайтын детекторлар мен 10 түтін детекторлары орнатылды, – дейді Алексей Советов.

Ведомтсво басшысының айтуынша жыл соңына дейін тағы 383 көміртегі тотығын анықтайтын детекторлар орнату жоспарланған.
Облыстың бас құтқарушысы өрттен сақтану үшін электр желілері сымдарында ақаудың болмауын, электр құрылғыларын жанатын тіреуішке орналастырмау, жылыту құралдары мен от жағылатын пеш жанына тез тұтанатын заттарды қоймау, көмір жағылатын пештердің түтін жолдарын үш айдың ішінде кемінде 1 мәрте тазалап тұру қажеттігін ескертті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img