spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысының Есіл қаласында өрт сөндірушілер 80 жастағы қарияны өрттен құтқарып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Есіл қаласында төтенше жағдай қызметкерлері сексенге келген зейнеткерді өрттен құтқарып қалды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қария ес-түссіз үйдің еденінде жатқан.

Кеше Есіл қаласында Мырзашев көшесіндегі №2 пәтерден түтін шыққаны туралы өрт сөндіру бөліміне телефон хабарламасы түсті. Үйге келіп жеткен өрт сөндірушілер 80 жастағы үй иесінің ес-түссіз еденде жатқанын көріп дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаметінің баспасөз қызметінен.

Жедел әрекет етудің нәтижесінде қарияны өрттен аман-есен құтқарып қалған.

Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсеткен өрт сөндірушілер ақсақалды одан әрі тексеру үшін медицина қызметкерлеріне табыстаған. Қазіргі уақытта зейнеткер Есіл аудандық ауруханасында жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық, – деп толықтырды төтенше жағдайлар департаментінен.

Өрттің салдарынан үйдегі едәуір дүние-мүлік отқа оранып, қабырғаларды күйік шалған. Қазір оттың шығу себептері анықталу үстінде. Төтенше жағдай қызметкерлері төсекте жатып шеккен темекі тұқылынан шығуы мүмкін деген болжам жасады. Абырой болғанда үй ішіндегі түтінді көшеден өтіп жатқан адамдар көріп бірден «101» нөміріне қоңырау шалған.

Төтеншеліктер жақында 2 қыркүйекте  халықпен өткен кездесуде өрт қауіпсіздігі талаптарын тұрмыста сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткенін атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img