spot_img
Сенбі, Шілде 5, 2025
24.2 C
Kokshetau

10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 10 қыркүйек күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыста найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыста дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Қызылорда, күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында түнде 1-3 градус үсік, Қостанай облысында түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау облысында, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының кей жерлерінде, Ақтөбеде және Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика