spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында сауда нысандарына сұраныс артты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 10 мыңнан жуық сауда кәсіпорындары мен 900-ден астам қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қызмет етуде. Олар халықтың әлеуметтік деңгейі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде елеулі рөл атқаруда, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қазіргі уақыта облыстағы сауда нысандары  тұтынушы халықтың сұранысын толықтай қамтамасыз етуде.

Ақмола облысының барлық аудандарында 51 мың орынға жуық қоғамдық тамақтану нысандары бар. Олардың әр аймақта біркелкі орналасуы тұрғындардың тауарлар мен қызметтермен толықтай қамтылуына мүмкіндік береді. Өңірде сауда нысандарының материалдық-техникалық базасы заманауи жағдайда дамып келеді. Бүгінде кәсіпкерлік субъектілерінің сауда алаңдарының жалпы көлемі 560 мың шаршы метрді құрап отыр. Тек соңғы он жылда ғана сауда орындарының аумағы 2,3 есе өсті. Тек өткен жылы ғана сауда саласындағы инвестиция көлемі 4,1 миллиард теңгеден асып жығылды, – дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарламасында.

Жалпы облыста 40 мыңнан астам адам сауда саласында қызмет атқаруда. Осы жылдың жеті айына ішкі сауда көлемі 412,8 миллиард теңгеге жеткен.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика