spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қазақстан коронавирус пандемиясымен күресу үшін 2023 жылға дейін 1 трлн теңге бөледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан коронавирус пандемиясымен күресіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін 2023 жылға дейін 1 трлн теңге жұмсайды. Бұл пандемиямен күресу үшін жасалатын кешенді бағдарлама аясында бөлінетін қаражат, деп хабарлайды »  Aqmola News «Azattyq Rýhy  сайтына сілтеме жасап.

«Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша,  пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша  жұмылдырып жұмыс істейміз. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек.

Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салада экономиканы қолдау үшін ұлттық қордан 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінуде.

Жалпы, осы бағытта 2023 жылға дейін 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу  жоспарланып отыр. Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде жеңеміз», – деп мәлім етті Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жария ете отырып.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img