spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.8 C
Kokshetau

Президент Жолдауы еліміздің демократиялық дамудағы жаңа бағытын айқындап берді – Қайрат Ауғалиев

Сондай-ақ...оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Жолдауында нақты бағдарламалар, міндеттер мен оларды шешу жолдарын атап өтті.
Еліміздің экономикасын одан әрі дамыту мәселелерімен қатар Президент мемлекеттік басқарудың жаңа моделін, қолжетімді және сапалы білім беру, денсаулық сақтау, экология, азаматардың әлеуметтік және құқықтық қорғауды күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін ерекше қозғады.
Мен аудандық мәслихаттың хатшысы ретінде өңірдегі органдардың рөлін күшейту, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін арттыру қажеттілігі туралы айтқан сөздерін қуанышпен қабылдадым.  Мәслихаттардың отырыстарының онлайн көрсетілімін енгізу демократия жолындағы кезекті қадамдардың бірі және қоғамның жергілікті жердегі өзекті мәселелерге қатысу мүмкіндігі бұл орайда аса маңызды деп санаймын.
Құзырлы органдар оның ішінде мәслихаттардың шешім қабылдауын жеделдетуге нәтижелер бітімгершілік мәселесін қайта қарауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы ұсынған билік институттарындағы реформалардың ішінен ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді атап өтпеске болмайды. Бұл өз кезешінде қандай да бір әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындары сайлағандықтан сол округ әкімінің жауапкершілігін одан сайын арттыруы тиіс деген ойдамын.
Президент Жолдауы еліміздің одан әрі жаңғыруына, еліміздің дамуына тың серпіліс беретіні сөзсіз
Қайрат Ауғалиев,
Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика