spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Педагогикалық мамандықты бітірген студенттердің нақты жұмысқа орналасуына көңіл бөлінетіндігі қуантты

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл жолдауы қазақ елінің ахуалын көтеруге арналған жобаларға толы болды. Оның ішінде студенттер қауымы үшін де жолдаудың маңызы зор. Себебі, қазіргі жағдайға байланысты студенттер жаңа оқу жылын қашықтан бастаған болатын. Осыған орай  студенттерге сапалы білім алуы үшін бірқатар істерді атқаруды тапсырды. Жолдаудың арқасында білім мен ғылымды дамыту үшін «Жас ғалым» жобасы іске қосылады. Осы жоба аясында зерттеу жүргізуге мың грант бөлінетін болады.

Сонымен қатар, педагогикалық бағытта оқитын студеттердің шәкіртақысы 42 000 теңге ге дейін көтерілді. Педагогикалық мамандықты бітірген студенттердің жұмысқа орналасуы нақтылы жолға қойылады. Педагогтардың да жалақысы қаңтар айында 25%-ға көтерілетінін айтты. Бұдан кейін де кезең-кезеңмен мұғалімдердің жалақылары көтерілетін болады.

Президент өз жолдауында диплом сату мәселесін де баса айта кетті. «Білім саласын бизнеске айналдырып алғандарды» құрықтауды тікелей үкіметбасы Маминнің өзіне тапсырып, назарға алуын міндеттеді. Бұл қадам сапалы білімнің арқасында сапалы мамандардың шығуына зор  септігін тигізбек.

Ерден Нұрахмет,

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 4-курс студенті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика