spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Конституция күні мерекесінде Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері көкшетаулықтарды құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Көкшетау қаласының тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды  «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайға байланысты елімізде Конституция күні концертсіз және көпшіліктің қатысуынсыз тыныш аталып өтуде.

Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері карантиндік талаптарды сақтай отырып, өңір тұрғындарын құттықтау бойынша акция өткізді. Орталық қызметкерлері ақмолалықтарды құттықтау үшін жалауша және ашық хат ұстап, Көкшетау қаласының орталығына шықты. Акция барысында 2 мыңнан астам облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.

«Мен Көкшетауға астанадан жұмыс бабымен келдім. Құттықтау алып қуанып қалдым. Ұлттық символдың суреті бар футболка киіп, қолдарына жалауша алған жастардың құттықтауы шынайы мерекелік көңіл күй сыйлады. Баршамыз үшін қиын уақыт – карантин кезінде мұндай шараларды өткізу әрине қажет. Ұйымдастырушыларға зор алғыс айтқым келеді», – деп қуанышымен бөлісті қала қонағы Жәнел Көкшенова.

Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің айтуынша, аудандық филиалдарға эстафета тапсырылды. Сол себепті, олар аудан тұрғындарын да мерекемен құттықтайтын болады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img