spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
0.8 C
Kokshetau

Біржан сал ауданының білім беру мекемелері жаңа оқу жылына дайын

Сондай-ақ...оқыңыз
Біржан сал ауданының  білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары аяқталды.  Өңір мектептерінде  жаз айлары уақытында ағымдағы жөндеу  жұмыстары жүргізіліп, нысандар білім беру науқанына әзірленді,-деп хабарлайды » Aqmola News».

Біржан сал ауданы бойынша 27 мектеп бар, оның ішінде 4 мектеп қашықтықтан оқыту режимін жоспарлап отыр.

Өңірде 1199 бала қашықтықтан оқыса, ал,   штаттық режимде 1302 оқушы білім алмақ деп жоспарлануда. 

Аудан мектептерінің барлығында  жаңа оқу жылына дайындық жүргізілді. Қашықтықтан оқитын оқушылар компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Штаттық режимде оқытатын мектептерде қауіпсіздік шараларын жүргізіу жұмыстары әзірленді.  Індеттің алдын алуға арналған барлық қажеттіліктер әкелінді,-дейді аудандық білім бөлімінің жетекшісі Руслан Әбдікенов.

Сонымен қатар ауданда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы білім беру бөлімімен бірлесіп, мектептердің жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындығы мәселесі бойынша бірлескен сапарлар өткізуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика