spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Қоянды орта мектебінің мұғалімі Ұлан Дауыл математикадан 8 кітаптың авторы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлан Дауыл өзінің ұстаздық жолын 2012 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейінде бастады. Ауыл мектебінде оқушыларға білім беруді жөн көріп, 2015 жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылға келді. .Осы бағдарламаның арқасында үй сатып алып, күні бүгінге дейін ауыл мектебінде еңбек етіп келеді, деп хабарлайды Aqmola News

-Қазіргі таңда білімімді одан әрі жетілдіру мақсатында математика бойынша PhD докторантураның 3-курсында оқып жатырмын.  Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп білетін  барша жастарды, яғни, замандастарымды ауылда жұмыс істеуге шақырамын. 2013 жылы Чехия мемлекеті Прага қаласында әлем математиктерінің бас қосуында баяндама жасадым. 2019 жылы облыстық «Үздік педагог» сайысына қатысып,1-ші орынды иелендім, – дейді Ұлан Дауыл.

Оның үш бөлімнен тұратын «Логика бастамалары» оқу әдістемелік кітабы, «Логика есептерінің шығару жолдары», «100 балдық тест тапсырмалары»,  «Тест тапсырмаларын құру әдістемесі», «Стреометрия курсы есептерінің шығару жолдары» атты еңбектері жарық көрді.Осындай 8 кітабы ел ертеңі – білімді жастарға ұсынылып отыр. Кітаптарды Ұлан құрастырған Logika.sdo.kz сайтынан  таба аласыздар.

-Өзім еңбек ететін Қоянды орта мектебінде «Логика бастамалары», «Логика есептерінің шығару жолдары» оқу әдістемелік құралдарым мен кітабымның негізінде оқушыларға  қосымша сабақ жүргізіледі. Соның арқасында оқушыларымыздың пәнге деген қызығушылықтары артып, олимпиадаларға, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Қазіргі әлем бойынша болып жатқан пандемияға байланысты біздің білім беру жүйесінің өткен оқу жылының соңғы тоқсанынан қашықтық режиміне ауысқаны белгілі. Бүгінгі таңда да осы жүйе одан әрі жалғасын табуда. Осы орайда, өткен оқу жылының соңында оқушылармен қашықтықтан білім беру ZOOM платформасымен  ұйымдастырылып, әр оқушымен Kahoot арқылы кері байланыс жасалып  отырды. Алдағы уақытта да осы бағдарламалармен жұмыс істеуді жалғастыра отырып, әр баланың тиімді білім алуына баса назар аудару жоспарлануда, – деді білікті ұстаз бізбен әңгімесінде.

Ұлан Дауыл әлемдегі қазіргі күнге дейін шешімі табылмаған 7 есептің бірі Брокар-Рамануджан жорамалы туралы 1876 жылы француз ғалымы Анри Брокардың ?!+1=?2 осы есебінің шешімін тауып,  әлем математиктерінің назарына ұсынып отыр.

    Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img