spot_img
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
13.5 C
Kokshetau

Брифинг: Мектеп оқушылары міндетті түрде маска тағып жүруі тиіс

Сондай-ақ...оқыңыз

Білім ордаларына келетін оқушылар міндетті түрде маска тағып келуі тиіс. Сонымен қатар әрбір мектепте санитарлық дезинфекция жасауға арналған құралдардың артығымен болуы міндеттелінеді. Бұл туралы  облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы қатысқан брифинг барысында айтылды,-деп хабарлайды    «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Биыл үйінде компьютері жоқ оқушыларға мектептен компьютерлер берілмек.

«Бүгінде мұндай оқушылар екі мыңнан асып отыр. Мектеп компьютерлерін тапсыру бойынша жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтаймыз, – деді Айна Мысырәлімова.

Облыстық және аудандық бюджет есебінен екі мыңға тарта компьютерлер сатып алынды.

«Сонымен бірге қыркүйекте үкіметтің резервтік қаржысы есебінен облыс мектептеріне тағы 23 мың компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер жеткізіледі. Жалпы, бұл білім беру саласындағы цифрландыруды жақсартуға мүмкіндік береді », – деп толықтырды спикер.

Қажетті техникалары жоқ мұғалімдер де назардан тыс қалмайды.

«50 мұғалімге білім саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы есебінен ноутбуктер сатып алынды, – деді Мысырәлімова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика