spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Бала үшін «Әліппемен» әріп тану тиімді – Асхат Аймағамбетов

Сондай-ақ...оқыңыз

Бала үшін «Әліппемен» әріп тану тиімді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Aqmola News ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап

«Әліппеге қатысты шешім қабылдадық. Оны біз айтқан едік. Бұл өте маңызды мәселе. Біріншіден, мемлекеттік стандартқа енгізілді. Ол әділет органдарында тіркелді. Қазір бағдарламаны дайындап, бекітуге әзірміз. Бұл бағдарлама ең бастысы Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде болады. Бірақ, әдістеменің негізінде деген сол жылдардағы әріптермен, тек қана сол негізде болады деген сөз емес. Ең бастысы – әдістемесі. Осы әдістеменің негізінде қазақ тілінің өзіне тән қасиеттерін біле отырып бағдарлама дайындау маңызды болып отыр», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның атап өтуінше, аталған бағдарлама енгізілгеннен кейін 1-сынып оқушылары 1 және 2-тоқсанда Әліппені оқиды. Ал 3 және 4-тоқсанда Ана тілімен білім алады. «Бұл өте маңызды. Сондықтан тек қана формалды жағынан емес, ең бастысы мазмұны жағынан қарағанда да балалар үшін тиімді болады. Өйткені, балалар келе сала дайын тұрған мәтінді оқымауы тиіс. Балалар 1-сыныпқа әртүрлі деңгеймен келеді», – деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика