spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақжарқын Тұрлыбайға кесілген үкім өзгеріссіз қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімшартқа сәйкес, Ақжарқын жазасын Қазақстанда өтеу үшін жазбаша келісім беруі керек. Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруға болады. Бұл туралы қазақ қызының адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Aqmola News Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап

2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасы үшін айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланған болатын. Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Қорғаушы тарап үкімге қарсы шағым түсірді. Алайда таяуда апелляциялық инстанция сот үкімін тағы да өзгеріссіз қалдырды. Енді қорғаушылар мен Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы Ақжарқынды Қазақстанға қайтару жолдарын қарастырып жатыр.

«Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған және 2015 жылы заңды күшіне енген келісімге сәйкес, үкімді орындау үшін ҚХР құзыретінен Қазақстан Республикасына беру әдісін Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қолдануға болады», – дейді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Осы келісімнің 4-бабының ережесіне сәйкес, сотталушы жазасын өз елінде өтеу үшін жазбаша келісім беруі керек.

«Ақжарқынды Қазақстанға қашан беретінін қорғаушы тарап нақты білмейді, бірақ елге ертерек оралуына мүдделіміз», – деп түйіндеді Ақжарқынның адвокаты.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

2019 жылы Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерген болатын.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметіне сүйенсек, Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр. Сонымен қатар, көркем әдебиет оқиды, дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img